SIM карта мен батареяны салу
Бұл телефон үшін BL-4C батареясы қолданылуы керек.
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп,
зарядтағышты ажыратыңыз.
1 Артқы қақпағын төмен қарай сырғытып (1), шығарып алыңыз.
2 Батареяны көтеріп, шығарып алыңыз (2).
3 SIM картаны салыңыз (3). SIM картаның сары түсті түйісу аумағының беті
төменге қарап, қисық бұрышты жағы салынғанын тексеріңіз.
4 Батарея мен артқы қақпағын орнына салыңыз (4, 5).